Вальтер Эрвини “Бока Хуниорсқа” кезекті үш ұпай сыйлады

22.09.2011, 02:53
Вальтер Эрвини “Бока Хуниорсқа” кезекті үш ұпай сыйлады
Футболдан Аргентина біріншілігінде  7-турдың нәтижелері белгілі болды.   Турнир кестесінің шыңына жайғасқан  “Бока Хуниорс” сырт алаңда “Ланусты” ұтып, жағдайын біршама жақсартып алды. Төреші ысқырығы естілісімен,  қарсы қақпаны бетке алған қонақтар  есеп ашатын жақсы мүмкіндіктерді  құр жіберіп алды. Алайда өткір шабуылдар өз жемісін беріп,  5-минутта Лукас Виатри “Боканы” алға шығарды. Үзілістен кейін жылдам қарымта шабуыл ұйымдастырған “Ланус” футболшылары есепті теңестіріп кетті. Айып алаңына бағытталған  допты абайсызда өз қақпасына кіргізіп алған Инсаурральде автоголдың иесі атанды. Бұдан әрі  тең нәтижені ұстап қалуға тырысқан алаң иелері шабуылдан гөрі қорғанысқа көп көңіл бөле бастады.  Мұндай мүмкіндікті жақсы пайдалана білген Рикельме бастаған жігіттер 62-минутта жеңіс добын салды. Әуелетіп көтерілген допты қақпа торында  тулатқан Вальтер Эрвини “Бока Хуниорсқа” кезекті үш ұпай сыйлады. Төлеген Жұмабек, Елдос Қамбалиев
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×