«Ордабасы» Беларусь елінің футболшысын қатарға қосты

31.07.2022, 20:28
Шымкенттік клуб тек жас ойыншылармен толығуда.
«Ордабасы» Беларусь елінің футболшысын қатарға қосты

«Ордабасы» футбол клубы 23 жастағы жартылай қорғаушы Дмитрий Бородинмен келісім-шартқа отырды.

Беларусь елінің өкілі шымкенттік командада 7-нөмірмен ойнайтын болады.

Дмитрий Бородин мансабын «Гомельде» бастаған. Одан кейін «Орша», «Смолевичи», «Динамо», «Ислочь» сияқты клубтарда доп тепті. Сондай-ақ ресейлік «Чайка» сапында алты ай ойнады.

Бородин клубтық мансабында 98 ойын өткізіп, 7 гол соққан, 4 нәтижелі пасы тағы бар. Сондай-ақ Беларусь жастар құрамасында 9 матчқа қатысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×