«Қызыл-Жар» тағы да «Ақжайыққа» есе жіберді

31.07.2022, 21:55
Петропавлдық клуб бұл ойынға қосалқы құрамдағы ойыншыларын шығарды.
«Қызыл-Жар» тағы да «Ақжайыққа» есе жіберді

«Қызыл-Жар» Қазақстан кубогінің төртінші турында «Ақжайықпен» кездесті. Матч «Астана Арена» стадионында өтіп, 0:2 есебімен оралдық клубтың пайдасына аяқталды.

Ойынның 38-минутында Илья Коваленко есеп ашты. Ал кездесудің аяқталуына екі минут қалғанда Завен Бадоян «Қызыл-Жар» қақпасынан саңылау тапты.

«Қызыл-Жар» – «Ақжайық» – 0:2

«Қызыл-Жар»: Вадим Петров (қ) – Евгений Козлов, Олег Мурачёв, Марк Гурман, Виктор Зябко, Алдаир Әділов – Жиан Мартинс, Рафаиль Оспанов – Пабло Подио (к), Павел Яковлев, Максим Чиканчи;

«Ақжайық»: Степан Сикач (ө) – Бауыржан Омаров, Виталий Приндета, Сергей Шустиков (к), Павел Назаренко – Максим Каленчук, Рафаэль Сабино, Лука Имнадзе, Илья Коваленко, Ардақ Сәулет – Тома Табатадзе;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×