Пауло Дибала «Рома» ойыншысы ретінде таныстырылды

27.07.2022, 14:43
Жанкүйерлер Паулоны ыстық ықыласпен күтіп алды.
Пауло Дибала «Рома» ойыншысы ретінде таныстырылды

Аргентиналық шабуылшы Пауло Дибала «Рома» ойыншысы атанды. Футболшының таныстырылым рәсіміне римдік клубтың он мыңға жуық жанкүйері келген.

«Ыстық ықыласпен қарсы алғандарыңыз үшін көп рахмет. Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын.

Мен «Ромаға» қарсы ойнаудың қандай екенін білемін, мен үшін де, бұрынғы командаларым үшін де римдік клубқа қарсы тұру қиын болды. Қазір мен сіздермен біргемін және команданың тарихын жазуға көмектескім келеді.

Мен үшін қазір ең бастысы - мүмкіндігінше тезірек қалыпқа келу. Содан кейін алаңға шығып, осы керемет аудиторияны қуантқым келеді», - деді футболшы жиын барысында.

Паулоның «Ромамен» келісім-шарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген. Аргентиналық футболшы 2015 жылдан бері «Ювентустың» намысын қорғаған болатын. Туриндік клуб үшін 293 матчта 115 гол соғып, 48 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×