«Вест Хэм» Италия құрамасының шабуылшысын сатып алды

27.07.2022, 13:10
Трансфер құны 36+6 миллион еуроны құрады.
«Вест Хэм» Италия құрамасының шабуылшысын сатып алды

«Вест Хэм Юнайтед» «Сассуолоның» италиялық шабуылшысы Джанлука Скамакканы сатып алғанын хабарлады. Қос тарап бес жылдық келісім-шартқа қол қойды. Трансфер құны 36+6 миллион еуроны құрады.

«Мен «Вест Хэмге» қосылғаныма өте қуаныштымын және бұл мансабымды жалғастыру үшін тамаша нұсқа деп ойлаймын. Клуб маған шынымен де қызығушылық танытқанын көрсетті, мен бас бапкермен сөйлескенімде, бұған көзім жетті. Ағылшын Премьер-лигасында ойнау менің әрқашан арманым болатын. Осы сәтті көп күттім. Енді жанкүйерлерге бұл команданың жейдесімен не істей алатынымды көрсеткім келеді», - деді Скамакка.

23 жастағы италиялық шабуылшы «Вест Хэмде» жетінші нөмірмен ойнайтын болады. Ол өткен маусымда «Сассуоло» сапында 38 ойынға қатысып, 16 гол соқты. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Скамакка Италия құрамасына шақыртыла бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×