«ПСЖ» қақпашысы апатқа ұшырап, өзінің «Lamborghini» көлігін соғып алды

29.05.2020, 16:43
Құдай сақтап, аман қалған екен!
«ПСЖ» қақпашысы апатқа ұшырап, өзінің «Lamborghini» көлігін соғып алды

«Пари Сен-Жермен» қақпашысы Марчин Булка апатқа ұшырады, деп хабарлайды Twitter Footballogue.

Дереккөздің хабарлауынша, 20 жастағы футболшы жарақат алмаған, бірақ ол өзінің "Lamborghini" көлігін оңдырмай соғып алған. Жазбаны Twitter желісіндегі "Footballogue" парақшасынан көре аласыз.

https://twitter.com/Footballogue/status/1265973789810143234?s=20

Осы маусымда Булка Франция чемпионатында бір матчқа қатысты. 30 сәуірде чемпионат басшылығы «Пари Сен-Жерменнің» барлық ойындарда жиналған ұпай санын ескере отырып, 2019/2020 маусымының ағымдағы кестесін қорытынды деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін ресми түрде Лига 1-дің чемпионы болды.

Франция чемпионатында 28 тур ойналды. Франция чемпионатының бекітілген жағдайына сәйкес "ПСЖ", "Марсель" және "Ренн" Чемпиондар лигасына, "Лилль" мен "Реймс" Еуропа лигасына, "Амьен" мен "Тулуза" Лига 2-ге аттанады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×