«Псж» жаңа маусымға сақадай сай

18.07.2021, 03:20
Париждік команда жазғы трансферлік аусымды қолайлы пайдалана алды ма?
«Псж» жаңа маусымға сақадай сай

Чемпиондар лигасын жеңіп алу ойы француздық команданың есін шығарды. Жыл сайын үздік атанған футболшылармен қатарын толықтырып жүрген клубтың бағы бір ашылмады. Франция біріншілігінде бар деген жүлделердің барлығын жеңіп алған «Псж» командасы, чемпиондар лигасына келгенде жасаған жорықтары сәтсіз шығуда. Биыл да арман болған қалқанқұлақ кубокті жеңу мақсатында, жұлдызды ойыншылармен келісім шартқа отырды. Алдағы маусымда париждік клуб сапынын жейдесінде өнер көрсететін ойыншыларға бір назар салайық.

Серхио Рамос, орталық қорғаушы: еркін агент 10 млн евро

Талай жылдар бойы «Реал Мадрид» футбол клубының намысын қорғап келген ойыншы, келісім шарты аяқтала клубқа қажеті болмай қалды. Қорғаушының еркін агентке айналғаның естіген ПСЖ Рамостын жасына қарамастан келіссөздер жүргізе бастады. Жанкүйерлердің біразы аңыз ойыншы маңсабын аяқтайды, париждік клубтың сапында өнер көрсетуі екі талай деп ортаға пікір тастап еді. Бірақта Серхио өз келісімін беріп, ауыздан ауызға тараған қауөсетке нүкте қойды. ПСЖ сапында Серхио Рамостың позициясында ойнайтын тағы 2 үздік қорғаушы бар. Олар Преснель Кимпембе және Маркиньос осы екі жігіттін қайсысын бастапқы құрамдағы орнынан ығыстырады оны әлі болжап айту қиын.

Джанлуиджи Доннарумма, қақпашы: 60 млн евро

Еуропа чемпионатының үздік қақпашысына айнала сала Доннарумма, «Псж» футбол клубының директоры Нассер Аль-Хелаифидің көзіне оттай басылып көрінгендей. Англия мен Италия арасында өткен финалдында қонақ болған Нассер әл-Хелаифи италиялық қақпашының өнеріне тәнті болды. Франция астанасына келе сала араб шейхі жас дарынның агентімен хабарласып, қақпашы үшін үлкен соммадағы жалақыны ұсына кетті. 60 млн еуро жалақы береміз деген клуб басшылығы Буффон ізбасары саналған Доннарумманың қарсылығына тап болмады. (Айтпақшы Джанлуиджи Буффонда осы ПСЖ сапында өнер көрсеткенін айта кеткеніміз жөн). Қалтасына мыс-мыс ақшаны басқан қақпашы, өзіне берілген қаражаттын тиына дейін ақтау керектігін, бізден жақсы түсінеді. Өйтпесе, ПСЖ да негізгі құрамда өнер көрсетуге жұлқынып тұрған қақпашылар жетерлік.

ПСЖ футбол клубының трансферлік ауысымдарын талдай келсек, оң қаптал қорғаушы марокколық Ашраф Хакими да бар. 60 млн еуроға сатып алынған бұл футболшы команда сапынан кеткен Тома Меньеның орнын жоқтатпауы үшін алынды. Ашрафтын позициясында құрдасы Колин Дагбада ойнайды. Хакими Дагбанын орнын толығымен басатыны айтпаса да белгілі. Мароккалық французға қарағанда тәжірибелі, еурокубоктік ойындарда да өзін жақсы қырынан көрсетті. Екеуін де салыстыра қарасақ жылдамдығы жақсы, алайда Дагба шабуылдап жүріп, қорғанысқа үлгере алмайды немесе керісінше. Ал Ашраф өз ісінің маманы, екеуінде қамти отыра командаға үлкен пайда әкеледі. Париждік клубтың бастапқы жоспарында осындай ойыншыны команда сапына қосу болатын. Ол жоспарын толыққанды орындады деген сенімдеміз. Қорытындылай келе ПСЖ келесі маусымдағы құрамасы талай командаға тіс қайрайтындай. Ең бастысы командадағы жеңіске деген жігер отының алауы сөнбеуі тиіс.

Мұхаммедқали Көбеев



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×