ПСЖ жеті ойыншысын сатуды жоспарлап отыр

11.12.2021, 17:10
Париждік клуб қажет емес ойыншылардан құтылу арқылы қаржылық жағдайын жақсартқысы келеді.
ПСЖ жеті ойыншысын сатуды жоспарлап отыр

Франциялық ПСЖ қаржылық жағдайын жақсарту үшін жеті ойыншысын сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды L'Équipe басылымы.

Париждік клуб қақпашы Серхио Рико, қорғаушылар Абду Диалло, Лейвин Курзава және Колин Дагба, жартылай қорғаушылар Эрик Эбимба, Рафинья және шабуылшы Мауро Икардиден құтылғысы келеді. Бұл ойыншылар команданың бас бапкері Маурисио Почеттинонның басшылыққа жасаған шағымынан кейін клубтан кетуі мүмкін. Аргентиналық маман командадағы ойыншылардың саны тым көп (33) екенін айтқан болатын.

Франция чемпионатының 17 турында 42 ұпай жинаған ПСЖ турнир кестесінде бірінші орында тұр және екінші орында келе жатқан «Реннен» 11 ұпайға озып кетті.

Чемпионаттың келесі турында Почеттино шәкірттері өз алаңында «Монакоға» қарсы ойнайды. Матч 12 желтоқсанға жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×