Тигран Барсегян ресейлік клубтардың ұсынысынан бас тартты

11.12.2021, 16:52
Ресейдің үш клубы ұсыныс тастаған екен.
Тигран Барсегян ресейлік клубтардың ұсынысынан бас тартты

Жақында ғана «Астанадан» еркін агент ретінде кеткен жартылай қорғаушы Тигран Барсегянға мәскеулік ЦСКА командасынан ұсыныс түскенімен, мансабын словакиялық «Слован» клубында жалғастыру туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды журналист Храч Хачатурян.

Дереккөздің хабарлауынша, футболшыға «Урал» мен «Уфа» да қызығушылық танытқан екен.

Барсегян Қазақстанда «Астана» мен «Қайсар» клубтарында өнер көрсетіп, көптің назарын өзіне аударта білді. Нәтижесінде словакиялық клубпен үш жылдық келісім-шартқа отырды.

Естеріңізде болса, 28 жастағы Барсегян Transfermarkt нұсқасы бойынша Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат ойыншы атанған болатын (2,5 миллион еуро).  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×