Қарақшылардан қорыққан Ди Мария үйін сатылымға қойды

12.03.2015, 03:14
Қарақшылардан қорыққан Ди Мария үйін сатылымға қойды
«Манчестер Юнайтед» футбол клубының ойыншысы Анхел Ди Мария 4.1 миллион фунт стерлинг тұратын зәулім сарайын сатылымға шығарды. Биылғы жылдың ақпан айында аргентиналық ойыншының үйіне қарақшылар шабуыл жасаған болатын. Ди Мария одан кейін отбасымен бірге қонақүйді паналап, тәулік бойы жұмыс жасайтын күзетшілер жалдаған еді. Анхелдің бұл әрекетінен кейін оның «ПСЖ» футбол командасына ауысып кетуі мүмкін екен деген де қауесеттер тарады. Назарларыңызға Анхел Ди Марияның үйінің фотосуреттерін ұсынамыз:
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×