Қазақстан кубогінің ширек финалистері анықталды

16.08.2022, 14:51
ҚКФЛ кестесі бойынша ширек финалдық кездесулер 31 тамызда, жартылай финал 19 қазанда, финал 12 қарашада өтеді.
Қазақстан кубогінің ширек финалистері анықталды

«Ордабасы» сырт алаңда «Ақсуды» ұтып, футболдан Қазақстан кубогының плей-офф кезеңіне шықты. Павлодарда өткен кездесу 0:1 есебімен аяқталды. Матчта Луис Гуедес жеңіс голын соқты. А тобындағы алты ойыннан кейін шымкенттік клуб тоғыз ұпай жинап, екінші орынға жайғасты.

Алматыда «Қайрат» «Атырауды» жеңіп, Қазақстан кубогындағы бесінші жеңісіне қол жеткізді. Кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Голдарды Сергей Кейлер, Данияр Үсенов және Вячеслав Швырев (пенальтиден) соқты. Бұл жеңіс «Қайратқа» А тобында 16 ұпай жинауға мүмкіндік берсе, «Атырау» жеті ұпаймен қалды.

Ақтауда «Каспий» «Ақжайықты» жеңді. Кездесу 2:1 есебімен «Каспийдің» пайдасына аяқталды. Бірінші ойын 3:1 есебімен оралдықтардың пайдасына аяқталған еді. Қос команда да он ұпайдан жинады.

«Тараз» «Мақтааралмен» тең ойнап, Қазақстан кубогында топта бірінші орын алды. Түркістанда өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Гол авторлары Ғалым Кенжебек пен Әділет Кеңесбек. Бұл нәтиже «Таразға» 12 ұпаймен С тобын жеңуге мүмкіндік берді. «Мақтаарал» екінші (он ұпай) болды.

Футболдан Қазақстан кубогының ширек финалистері белгілі болды. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша «Қайрат», «Ордабасы», «Қайсар», «Ақжайық», «Тараз», «Мақтаарал», «Шахтер» және «Астана» командалары турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды. Ал Қазақстанның қазіргі чемпионы қостанайлық «Тобыл» мен Қазақстан премьер-лигасының көшбасшысы «Ақтөбе» турнирден шығып қалды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×