Талантты жастар «Тұранда»

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
23.08.2022, 18:52
Қазақ футболының картасында тағы бір талантқа бай өлке пайда болғандай.
Талантты жастар «Тұранда»

Құрылғанына көп болмаса да «Тұран» клубы аяққа нық тұрып, талантты футболшылар даярлап жатыр. Мысалы, биыл «Тұран» футбол клубының 19 жасқа дейінгі жастардан құралған командасы Қазақстан чемпионы атанды. Енді «Тұран» U19 командасы Чемпиондар лигасы сайысына қатысады. Атақты жарыстың жеребе тарту рәсімі 31 тамыз күні Швейцарияның Ньеон қаласында өтеді. Осыған дейін Қазақстан атынан Чемпиондар лигасына тпек 2 команда ғана құатысып келді. Оның бірі әлбетте «Астана», екіншісі «Қайрат». Енді міне, кезек «Тұранға» да келіп отыр. Бұл Түркістан қаласының футболындағы үлкен жетістік деуге болады.

Чемпиондар лигасының қатысушылары:

«Астана» - 2015/16

«Қайрат» - 2016/17

«Қайрат» - 2017/18

«Астана» - 2018/19

«Астана» - 2019/20

«Қайрат» - 2020/21

«Қайрат» - 2021/22

Қазақ футболында түркістандық клубтың қатысуымен тағы бір қызықты жәйт орын алды. Екінші лигада өнер көрсететін «Тұран» II командасы «Ақтөбе Сити» ұжымын 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Сол ойындағы 7 голдың барлығын да бір шабуылшы салды. Ол – Бақдәулет Зұлфықаров.Қазақстан футболында бір ойында мұншама гол салған футболшы болған емес. Талантты шабуылшы Түркістан футболының мақтанышына айналғалы тұр. Жас шабуылшыны «Тұран» клубы аракідік үлкен команданың ойынына да тартып тұратынын байқадық.

Айтпақшы одан да төмен жастағы балалар командасы Грекиядағы турнирге қатысып жақсы қырынан көрінді. «Тұранның» 2008 бен 2009 жылғы балалардан құралған командалары ел чемпионатында үшінші, жүлделі орыннан көрінді. Мұның барлығы да клуб басшылығының оңтайлы шешімдерінен туындап жатқаны анық. Балалар футболына ден қойып, бапкерлік штабты әбден күшейткен. Тіпті, Хорватиялық мамандар да клуб орталығында қызмет атқарып жүр. «Тұран» футбол клубының басшысы Айбек Тілеужан қаржылық қиындықтарға қарамастан тығырықтан шығатын жол тауып жатыр. Негізгі команданың да жағдайы жақсы. Маусым барысында қаржылық мәселеге байланысты көптеген легионерлер кетіп қалды. Десе де, клуб негізгі лигадағы орнын сақтап қалатын шамада.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×