ҚПЛ тарихындағы ең көп гол соққан командалар

12.05.2020, 12:58
Оның қай команда екені сәзді қызықтыратыны сөзсіз
ҚПЛ тарихындағы ең көп гол соққан командалар

ҚПЛ тарихындағы ең көп гол соғатын командалар анықталды. Үздік ондық келесідей:

10 орын. “СПАРТАК” (Семей) - 669 гол.

Басқаша атаулары: “Елімай”, “Семей”.

Үздік ондықты еліміздің 3 дүркін чемпиондары Семейлік “Спартак” командасы түйіндеп отыр. Кезінде “Елімай” деген атпен біріншілікте жоғары орындардан көрінген команда 13 рет Қазақстан Примьер-Лигасына қатысып, барлығы 669 гол салған екен. 

9 орын. “ЖЕТІСУ” (Талдықорған) - 718 гол.

 

Тоғызыншы орынды Талдықорғандық “Жетісу” командасы алып отыр. 2011 жылғы біріншіліктің чемпиондары біріншілікке 23 рет қатысып, барлығы 718 рет қарсыластар қақпасын тулатқан екен.

 

8 орын. “ҚАЙСАР” (Қызылорда) - 764 гол. 

 

Үздік сегіздікті Қызылорданың қасқырлары “Қайсар” командасы түйіндеді. Қызылордалықтар барлығы 23 рет ішкі біріншілікте өнер көрсетіп, қарсыласқа764 гол соққан.

 

7 орын. “ЖЕҢІС” (Астана) - 831 гол.

Басқаша атаулары: “Астана-1964”, “Астана”

Жетінші орынды Астананың жүрегіне айнала білген, “Жеңіс” деген атпен ел біріншілігінде атой салған астаналық клуб алып отыр. Астаналық клуб 19 рет біріншілікке қатысып, барлығы 831 гол салған екен.

 

6 орын. “ТАРАЗ” - 952 гол.

 

Алтыншы орында қазақ футболының таланттар фабрикасы “Тараз” командасы орналасты. Тараздықтар 26 рет ел біріншілігіне қатысып, 952 гол салған екен. Тараздықтардың мыңыншы рет қарсыластар қақпасын жаңа таланттарымен тулатқанын асыға күтетін боламыз.

 

5 орын. “АҚТӨБЕ” - 1 086 гол.

 

Көптен күткен бесінші орынды қазақ футболының алыбы “Ақтөбе” командасы алып отыр. Еліміздің 5 дүркін чемпиондары 25 рет ел чемпионатында өнер көрсетіп, 1 086 гол салып үлгерген. Қызылдардың 26-шы біріншілігі келесі жылы болады деген ойдамыз.

 

4 орын. “ШАХТЁР” (Қарағанды) - 1 101 гол. 

Төртінші орынды қазақ футбол сүйер қауымына көптеген қуаныштар сыйлаған қарағандылық “Шахтёр” командасы алып отыр. Қазақстанның екі дүркін чемпиондары Қазақстан Примьер-Лигасының барлық маусымында өнер көрсетіп, 1 101 гол салған екен. 

 

3 орын. “ТОБЫЛ” (Қостанай) - 1 120 гол.

 

Үздік үштікті 2007 жылғы УЕФА Интертото кубогының жеңімпазы қостанайлық “Тобыл” командасы түйіндеп отыр. 2010 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары 25 маусымда болып, барлығы 1 120 гол соққан екен. 

 

2 орын. “ҚАЙРАТ” (Алматы) - 1 344 гол.

 

Екінші орынды соңғы жылдары екі деген санға жармасып алған, қазақ футболының алыбы алматылық “Қайрат” командасы иеленді. Қазақстанның екі дүркін чемпиондары 28 маусым өткізіп, 1 344 гол салған екен.

 

1 орын. “ЕРТІС” (Павлодар) - 1 358 гол.

 

Бүгінгі тізімнің басын қазіргі таңда миллиардтаған теңге қарызға батып отырған павлодарлық “Ертіс” командасы бастап отыр. Еліміздің 5 дүркін чемпиондары Қазақстан біріншілігінің барлық маусымдарында ойнап, барлығы 1 358 голмен “ҚПЛ тарихындағы ең көп гол салған команда” атағын алып отыр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Келесі жаңалық
Бэйл мен Йович кетеді
Серіктес жаңалықтары
×