Қытай футболшылары енді тату салдыра алмайды

12.01.2022, 23:44
ҚХР денесіне сурет салдырған футболшылар үшін жаңа ереже қабылдады. Әлем футболындағы тату мәселесі.
Қытай футболшылары енді тату салдыра алмайды

Жақында спорт жаңалықтарын шолып отырып, бір қызық ақпарға кезіктім. Онда, Қытай компартиясы ұлттық құрама деңгейіндегі футболшылар денесіне сурет салдырмауы тиіс деп дабыл қақты. Жедел жиын өткізген ҚХР спорт басшысы бір қатар талаптарға негізделген жаңа ереже жинағын енгізді. Бекітілген ережеге сәйкес жұмыс атқаруды жоспарлап отырған айдаһарлар елінің спорт басшысы: «Бұл әрекетімізбен біз қоғамға үлгі болғымыз келеді»- деп тілге тиек етті.

Айта кететіні, біраз жылдар бұрын денесінде суреті бар «Гуанчжоу Эвергранд» командасының қорғаушысы Чжан Линпэн, 2018 жылы ұйымдастырылған Қытай 1:4 Чехия, Уэльс 6:0 Қытай арасындағы кездесулерде алаңға шықпаған еді. Сонда біраз футбол сарапшылары бұл футболшы жарақатының кесірінен ойынға қатыспады деп топшылады. Алайда, топша-пікірлерді жоққа шығарған бір дерек бар ол, футболшының білектен иығына дейін созылған әр түрлі нақыштағы тату суреттері, оның жоғарыда айтылған матчтардан шеттетілуіне сеп болды. Чжан Линпэннің неге ойынға қатыса алмағанын білдік. Ал енді, әлем футболындағы тату мәселесі жайында тоқталып өтейін.

Бразилия біріншілігін араға 50 жыл салып, жеңіп алған «Атлетико Минейро» жанкүйерлеріне сыйлық жасады. Егер сіз «Минейроның» фанаты болсаңыз, тегін тату жасата аласыз! - деген жарнаманы көре тату салонға жиналған дейім жұрттың қарасы көп. Ине шаншар жер жоқ. Денесіне сурет салдыруға келген жасы да кәрінде шелектеп құйып тұрған жаңбырға қарамады. Бұл дегеніміз мұсылман емес елдерге денесіне сурет салдыру үйреншікті жағдай.

Қорытындылай келсек, тату мәселесі тек дінге келіп тірелмейді. Адами факторда бар бұны естен шығармаңыздар. Ол не десіңіздер? қан доноры. Қан жетіспей жапа шегіп жатқан адам қаншама?. Қанды бізге робот келіп бермейді. Қызыл сұйықтықты бізге өзіміз секілді қарапайым адам береді. Футбол әлемінде ерекше атап өтетін қан доноры Криштиану Роналду. Жыл сайын қанын өткізетін футболшы тату суреттерге түбегейлі қарсы. Құрметті оқырман сіздерге де бұл іске жоламауға кеңес береді.

Көбеев Мұхаммедқали

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×