«Қызыл-Жар» сенсация жасап, Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті

29.07.2022, 07:19
Петропавлдықтар келесі кезеңде кипрлік командамен кездеседі
«Қызыл-Жар» сенсация жасап, Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті

«Осиек» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Қызыл-Жармен» күш сынасты. Хорватиядағы «Осиек» стадионында өткен қарымта матч 0:2 есебімен петропавлдық клубтың пайдасына аяқталды.

Кездесудің 60-минутында алаңға шыққан Гиорги Иваниадзе екі минуттан кейін мергенлік танытып, командасын алға шығарды. Он минуттан кейін Юрий Бушманның пасынан кейін Мусса Коне басымен гол соғып, ойынның нүктесін қойды.

Қос матчтың қорытындысы бойынша 2:3 есебімен жеңіске жеткен Әли Әлиев шәкірттері Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті. Петропавлдықтар келесі кезеңде кипрлік АПОЭЛ командасымен кездеседі

«Осиек» (Хорватия) – «Кызыл-Жар» – 0:2 (жалпы есеп– 2:3)

«Осиек»: Ивица Ивушич (қ) – Марио Юрчевич, Даниел Лончар, Миле Шкорич (к), Карло Бартолец (Мато Милош 74) – Дарко Неяшмич, Петар Брлек (Дион-Дрена Бельо 75), Иван Фиолич (Антонио Манце 82), Кристиан Ловрич (Мийо Цакташ 62), Ласло Кляйнхайслер – Рамон Мьерес;

Қосалқы құрам: Марко Маленица (қ) – Славко Бралич, Адриан Баришич, Евгений Чебернко – Ведран Югович, Диего Барри, Никола Янич, Шиме Гржан;  

«Қызыл-Жар»: Мирослав Лобанцев (қ) (к) – Юрий Бушман, Матео Мужек, Валерий Каршакевич, Марк Гурман, Еркін Тапалов – Пабло Подио, Мусса Коне – Евгений Козлов (Гиорги Иваниадзе 60), Павел Яковлев (Тимур Мульдинов 71), Элгуджа Лобжанидзе (Олег Мурачёв 82);

Қосалқы құрам: Владимир Логиновский (қ), Вадим Петров (қ) – Алдаир Әділов – Рафаиль Оспанов;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×