Жюль Кунде «Барселона» ойыншысы атанды

29.07.2022, 14:42
Каталониялық клуб футболшы үшін 50 миллион еуро төледі.
Жюль Кунде «Барселона» ойыншысы атанды

«Барселона» «Севильяның» 23 жастағы қорғаушысы Жюль Кундені сатып алғанын мәлімдеді.

Трансфер құны 50 миллион еуроны құрады. Одан бөлек, каталониялық клубтың беретін бонустары бар. Француз футболшысы жаңа командасымен бес жылдық келісім-шартқа отырды.

Кунде - «Бордоның» түлегі. Франциялық клуб сапында қорғаушы 70 матчта төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Жюль 2019 жылы «Севильяға» ауысты және содан бері 133 ойында тоғыз гол соғып, әріптестеріне үш рет нәтижелі пас шығарып берді.

2021 жылдың маусымында Кунде Франция құрамасында дебют жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×