«Қызыл-Жардың» португалиялық футболшысы командадан кетті

27.12.2021, 22:29
Оның клубпен келісім-шарты аяқталды.
«Қызыл-Жардың» португалиялық футболшысы командадан кетті

Петропавлдық «Қызыл-Жар» португалиялық жартылай қорғаушы Карлуш Фонсеканың командадан кеткенін хабарлады. 34 жастағы футболшының клубпен келісім-шарт мерзімі аяқталды.

Қазақстан Премьер-лигасында Фонсека 2015 жылы 20 маусымда «Ертіс» ойыншысы ретінде «Оқжетпес» командасына қарсы ойында (1:0) дебют жасады. Ол павлодарлық клуб сапында бас-аяғы 125 матч өткізіп, 18 гол соқты. 

Футболшы кейінірек қостанайлық «Тобыл» клубына ауысты (23 матч). Ал өткен маусымда «Қызыл-Жар СК» сапында ойнап, клубтың Конференция лигасына шығуына көмектесті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×