«Тобыл» команда капитанына жаңа келісім-шарт ұсынбады

27.12.2021, 23:32
Футболшы Түркиядағы ОЖЖ-ға шақырту алмады.
«Тобыл» команда капитанына жаңа келісім-шарт ұсынбады

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Тобылдың» 35 жастағы капитаны Азат Нұрғалиев команданың алғашқы оқу-жаттығу жиынына шақырту алмады.

Нұрғалиев алғашқы ОЖЖ-ға шақыртылған ойыншылар тізімінде жоқ, клуб оның атына билет алмаған. Қостанайлық клубтың басшылығы негізгі құрамда стрек шығатын егде жастағы ойыншыға жаңа келісім-шарт ұсынғысы келмейді. Сондай-ақ команданың бас бапкері Александр Москаленко бұл позицияға жас ойыншыны шақырғысы келеді.

Маусым соңында «Тобыл» қақпашысы Егор Цуприков «Шахтерға» ауысты. Шабуылшы Элгуджа Лобжанидзе, Игорь Сергеев, жартылай қорғаушылар Жереми Манзорро, Зоран Тошич және қорғаушы Сұлтан Әбілғазының клубпен келісім-шарттары аяқталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×