«Реал Мадрид» - «Манчестер Сити»: матчтан кейінгі статистикалық көрсеткіштер

27.02.2020, 18:51
«Реал Мадрид» - «Манчестер Сити»: матчтан кейінгі статистикалық көрсеткіштер

Бүгін түнде Чемпиондар лигасының 1/8 кезеңі аясындағы бірінші ойында «Реал Мадрид» өз алаңында «Манчестер Ситиден» (1:2) ұтылып қалды.

Бұл матч қызықты көрсеткіштерге толы болды:

-Жалпы Чемпиондар лигасының тарихында алғашқы ойында өз алаңында ұтылып, келесі кезеңге өткен ұжым саны 5-еу ғана. Ал оның 3-еуі өткен маусымда болған.

-Ойынның бірінші бөлігінде екі ұжым да гол соға алмады. Бұндай голсыз тайм Чемпиондар лигасында «Сантьяго Бернабеуде» 2017-нің сәуірінен бері болмаған. Ол кезде ширек финалдың бірінші таймында «Реал» мен «Бавария» бір-бірінің қақпа кілтін таба алмаған.

-Кәрім Бензема Чемпиондар лигасында «Реал» жейдесіндегі 100-ойынына қатысты.

Манчестер Сити» биылғы плей-оффтың 1/8 кезеңінде бірінші кездесуде гол соққан алғашқы ағылшын клубы.

-Иско 2018 жылдың қыркүйегінен бері Чемпиондар лигасында енді гол салды. Ал бельгиялық жартылай қорғаушы Кевин Де Брюйне 2017 жылдық қыркүйегінен бері, плей-оффта 2016-ның сәуірінен бері енді нәтижелі соққымен көзге түсті.

-Бразилиялық шабуылшы Габриэль Жезус өзі қатысқан 1/8 кезеңдегі барлық 3 ойында гол салып отыр.

«Реал» Чемпиондар лигасында өз алаңындағы соңғы 10 ойынның 4-еуінде ұтылды. Қалған 3-еуінде тең түсіп, ұтқан.

-Бұл «Манчестер Сити» үшін Испанияда еуро бәсекенің плей-офындағы алғашқы жеңіс. Сондай-ақ, ағылшын ұжымы жалпы көрсеткіш бойынша Испания клубтарын тек бір-ақ рет айналып өте алған. Сонау 1969-1970 жылғы маусымда өз алаңында «Атлетикті» 3:0 ұтқанан бері испан клубтарына жол беріп келген.

Айта кетейік, жауапты ойын 17 наурызда Англияда болады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×