Ресми: АПЛ 17 маусымда қайта жалғасады

29.05.2020, 04:45
Әлемдегі ең үздік лига - АПЛ-дің басталуына да аз қалды.
Ресми: АПЛ 17 маусымда қайта жалғасады

Англия Премьер-лигасы 17 маусымда қайта жалғасады деп хабарлайды АПЛ-дің баспасөз қызметі.

«Премьер-Лиганың акционерлері 2019-2020 маусымды жалғастыруға арналған жаңа күн туралы келісті - бұл барлық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, сәрсенбі күні, яғни 17 маусымда басталады», - делінген хабарламада.

Үлкен үзілістен кейінгі алғашқы матчтар 17 маусым күні өтеді. Бұл күні "Астон Вилла" - "Шеффилд Юнайтед", "Манчестер Сити" - "Арсенал" арасындағы матчтар өтеді. Одан кейінгі матчтар 19 маусымда өтеді.

Ағылшын Премьер-лигасының бас директоры Ричард Мастерс АПЛ «барлық қауіпсіздік талаптары орындалғаннан кейін» басталады деп атап өтті. «Өкінішке орай, матчтарды стадиондарда жанкүйерлерсіз өткізу керек, сондықтан жанкүйерлер қалған 92 матчты көре алатындай дұрыс шешім қабылдағанына қуаныштымыз», - деп қосты Мастерс.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×