«Ростовтың» 17 жастағы қақпашысы Попов Instagram-да жазылушылар саны бойынша «Сочиден» озып кетті

21.06.2020, 21:07
Бір күнде танымал болып кетті деген осы болар...
«Ростовтың» 17 жастағы қақпашысы Попов Instagram-да жазылушылар саны бойынша «Сочиден» озып кетті

"Ростовтың" 17 жастағы қақпашысы Денис Попов Инстаграмдағы жазылушылар саны бойынша Сочиден озып кетті.

Ресей чемпионатының 23-ші турының матчында «Ростов» «Сочиден» 1:10 есебімен жеңілді. Попов бір матчта жасалған сейв саны бойынша РПЛ-де жаңа рекорд орнатты.(11 сейв)

Бұған дейін Поповтың өзі "Сочидегі" ойынға дейін оның 350 жазылушысы болғанын хабарлады. Қазір оның парағына 23,4 мың адам жазылған. Сочи, өз кезегінде, қазіргі уақытта 19,8 мың жазылушыға ие.

Еске салайық, «Ростовта» Ресей чемпионатының 23-турындағы «Сочимен» болған матчта 20 жасқа дейінгі ойыншылар ойнады. Ойын алдында "Ростов" клубының негізгі құрамындағы алты ойыншы коронавирустық инфекция жұқтырды, бұл бүкіл команда құрамы мен бапкерлер құрамын екі аптаға карантинге жіберді. "Ростов" кездесуді кейінге қалдыруды өтінген болатын, бірақ "Сочи" басшылығы одан бас тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×