Румыниядағы сәтсіздік – Абат Айымбетов Еуропалық клубтан қуылмақ

Бүгін, 10:25

Румынияның “Петролул” клубы осы жазғы үзілісте Қазақстандық форвардпен қоштасуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.

Румыниядағы сәтсіздік – Абат Айымбетов Еуропалық клубтан қуылмақ

Румынияның “Observatorul Prahovean” басылымы “Петролул” клубының болашағына қатысты ауқымды мақала жариялап, командадан кететін ойыншылардың тізімін жасады. Бұл қара тізімге отандасымыз Абат Айымбетов те ілінген.

“Үлкен ықтималдықпен, осы маусымаралық үзілісте командадан кететін футболшылардың қатары өте көп. Матей мен Гильерме клубтан кетіп үлгерді, ал Рошу, Рикардиньо және Папптың келісімшарттары аяқталуға жақын. Ал Боатенг пен Айымбетовтың келісімшартты автоматты түрде ұзарту туралы арнайы тармақтары бар, бірақ клуб басшылығы бұл мүмкіндікті іске қоспайтын сияқты.” — деп жазды Румыниялық басылым.

Абат Айымбетов Румыниялық ұжымның қатарына 2026 жылдың ақпан айында ғана қосылған болатын. Сол уақыттан бері ол 9 матчқа қатысып, 1 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×