Өткен демалыс шетел чемпионаттарындағы біраз отандастарымыз үшін табысты болды. Бұл ретте Ресей, Беларусь және Испания секілді елдердегі өкілдеріміздің өнеріне ерекше тоқталдық.
Шетелдегі өкілдеріміздің дені Ресейде. Осы сенбі-жексенбідегі жарыс күні солтүстік көршіміздің біріншілігіндегілер үшін де табысты өткен болатын. Артур Шушеначев Ұлттық футбол лигасында бақ сынайтын «Сочиге» енді ауысып жатыр. Станислав Черчесовтың назарына ілініп жүрген алып денелі форвардтқа бұл жақсы мүмкіндік. Футболшыға бұл қарым-қатынас тұрғысынан, менталдылық жағынан да жақсы кезең болады деп топшылаймыз. Ендігісі Артурдың өз қолында. Израильде ісі алға басқан жоқ. Былтыр ақпанда таяу шығысты бетке алғанда қалай болар екен деп едік, алайда 20 ойында 2-ақ гол! Мұндай амплуадағы футболшы үшін бұл әрине өте төмен нәтиже. Кеше Шушеначев сочилік клуб сапында төбе көрсетті. Бұл ҰФЛ-дің 12-турында сырт алаңдағы «Торпедомен» өткен ойын болатын (2:2). Қазақстандық футболшы матчқа екінші тайм барысында қосылып, нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе алмады.
«Қайрат» түлегі өмірінің біраз бөлігін осы көршілес елдің чемпионаттарында өткізіп келеді. Сол қапталға жауап беретін футболшының мансабының басым бөлігі Қазақстан мен ресейдің екі ортасында өтіп жатыр десе де болады. Жартылай қорғаушы өзіміздің «Қайрат», «Ордабасы», «Жетісудан» бөлек, ресейлік «Долгопрудный», «Челябинск» пен қазіргі клубы «Волгарьда» ойнады. Сондай-ақ, Арменияның «Арцах» Ереваны сынды ұжымдардың да жейдесін киген жайы бар. Акмаль «Волгарь» сапында биыл жемісті өнер көрсетуде. Екінші лиганың биылғы маусымында отандасымыз 11 ойынға қатысып, 4 доп соққан. Бұған тағы Ресей кубогіндегі 2 голын қосыңыз. Бахтияров осы демалыстағы «Сибирьмен» өткен кездесуде де тоқсан минут ойнап, командасының жеңісіне өзінің үлесін қосты (1:0).
Беларусь біріншілігіндегі бірнеше өкіліміздің бірі. Оралхан үшін биылғы чемпионат өте табысты өтуде. Бірінші айналымды «Слуцкте» бастап, «БАТЭГЕ» ауысқан отандасымыз нәтижелі ойынын жоғалтқан жоқ. Қайта статистикасын жақсарта түсті деуге болады. Борисовтік ұжымда 13 ойында 4 голы бар. Осының барлығы ұлттық команданың бас бапкері Станислав Черчесовтың назарын аударды. Беларусь еліндегі өнерінің арқасында Оралхан Өміртаев үш жылдық үзілістен кейін Қазақстан құрамасына қайта оралып отыр.
Осы демалыста Данил Анкудинов Испания федерациясының кубогінде гол салды. 21 жасар шабуылшы өз командасының «Лас-Росас» клубымен болған жартылай финалдық ойынында мергендігімен дараланды. Жалпы, Анкудиновтың мансабының географиясы өте ауқымды. Қарағандыда туылғанымен 10 жасынан Испанияда. Сондағы футбол мектептерінде шыңдалып келеді. Анкудиновтың спорттық мансабында Беларусия, Армения және Молдова секілді біріншіліктердің клубтары да болды: «Шерифпен» екі реттен ел чемпионаты мен кубогінде топ жарыпты. Футболдың қыр-сырын Испанияда үйренген Данил Қазақстан жастар құрамасында 3 матчқа қатысқан еді.
Біздің серіктес: FONBET