«Сылбыр ойын, сынға келіп соғылды»

31.07.2021, 00:24
Хорват вингерісіз, «Астана» футбол клубының ойыны неге жүрмейді?
«Сылбыр ойын, сынға келіп соғылды»

Еврокубоктік додаларда тұрақты түрде қатысып жүрген «Астана» футбол клубы, биылда бағын сынауда. Жаңадан тұсауын кескен, Конференция Лигасында алғашқы қарсыласын анықтаған елордалық команда, екі матчтық нәтиже бойынша грекиялық «Арис» ұжымын 3-2 есебімен тізе бүктірген еді. Өз аланыңда 2-0 есебімен айқын жеңген «Астана» қарымта матчта қиналып қалды. Клеантис Викеледис атындағы стадионда қонақта болған Андрей Тихоновтың шәкірттері матч басталысымен қысымға ұшырады. Дeм басуға уақыт таппаған «Астана» ойыншылары алғашында сәтті қорғанды. Бірақта ойының 36 минутында бұрыштан көтерілген доп, ақырында қақпаға енді. Ойынның негізгі хронологиясы осы қарқында өтті. Алаң қожайыны тілеуін тілеген жанкүйерлер үшін, намысқа тұрысып шабуылын тоқтатпады. Ойынды тамашалап отырып, елордалық клубтың мақсаты шабуыл емесіне көзім жетті. Нұр-Сұлтанда тіркелген есепті сақтап қалуға тырысқан ойыншылар, бір гол өткізіп алса да, шабуылға асықпады. Айта кетсек бұл ойында Арьен Роббен секілді оң қапталдан ойысса соққы жасап, талай қақпашыдан айласын асырған команда көшбасышы, Марин Томасов жарақатына байланысты матчқа қатыса алмады. Алдыңғы ойында жеңіске жету үшін барын салған ойыншының, өнер көрсетпейтініне хош деген жанкүйерлер Барсегян, Эужениу, Бечирай үштігіне үлкен сенім артты. Алайда сенген ойыншылар ойында бір-бірін таппай дал болды. Абдырап қалған ойыншылардың жөні дұрыс шабуыл жасай алмайтынына көзі жеткен «Арис», екінші таймда матчты толық өз бақылауына алды. 78 минут тағы да бұрыштамадан доп асыра салысымен қарға бойлы Лукас Саша ұзын бойлы қорғаушылармыздан биік секіріп, допты қақпаға бағыттай салды. Екінші голын салған грекиялық клуб жалпы есепті теңестірді. Ойын барысында Бечирайдың орнына кірген Абат Аймбетовте, белсенділігімен көзге түспеді. Қосымша экстра таймда шабуылды бастап көрген «Астана», жеңіс үшін тырысса бастады. Ақырында сәттілік жолдас болып, 120 минутта стандартты жағдайдан қорғаушы Энео Битри мергендігімен көзге түсіп, келесі кезеңге Астананы алып шықты. Жеңіс жеңісімен алайда бас бапкер шабуылдағы шикілікті түземесе, тек қана Томасовқа иек артуды қоймаса келесі қарсылас қателікті кешірмейтіні анық.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×