УЕФА Қазақстан құрамасының 2027 жылғы ойындарына арналған күндерді бекітті

Бүгін, 15:04

УЕФА 2027 жылы ұлттық құрамалар матчтарын өткізуге арналған негізгі күндерді бекітті. Бұл кесте Қазақстан құрамасының келесі жылғы ойындарының мерзімін алдын ала айқындауға мүмкіндік береді. Алайда нақты матч күндері биылғы Ұлттар лигасының қорытындысына байланысты болады, деп хабарлайды Aladop.kz.

УЕФА Қазақстан құрамасының 2027 жылғы ойындарына арналған күндерді бекітті

УЕФА ұлттық федерацияларға жіберген хатында 2027 жылғы наурыз және маусым айларындағы халықаралық үзілістердің негізгі күндерін көрсетті.

2027 жылғы наурыздағы халықаралық терезенің негізгі бөлігі Ұлттар лигасының плей-офф кездесулеріне бөлінген.

25 және 27 наурызда Ұлттар лигасының ширек финалдары мен А және В лигалары арасындағы плей-оффтың алғашқы матчтары өтеді. Қарымта кездесулер 28 және 30 наурызға жоспарланған.

Ал 26 және 29 наурызда Еуро-2028 іріктеу кезеңінің алғашқы екі туры өткізіледі. Бұл күндері Ұлттар лигасының плей-оффына қатыспайтын құрамалар алаңға шығады.

Қазақстан құрамасының наурыздағы нақты ойындары оның Ұлттар лигасындағы нәтижесіне байланысты анықталады. 

Маусым айында Ұлттар лигасының финалдық кезеңіне арналған үш күн – 9, 10 және 13 маусым – арнайы резервке қойылған. Бұл күндері басқа ұлттық құрамалардың матчтарын өткізуге болмайды.

Ал Еуро-2028 іріктеуінің үшінші туры 11-12 маусымда, төртінші туры 14-15 маусымда өтеді. Достық кездесулер де осы халықаралық терезе аясында ұйымдастырылуы мүмкін.

2027 жылдың күзіндегі халықаралық терезелерде УЕФА ұлттық құрамалар үшін нақты күндерді алдын ала бекітпейді.

Сондықтан Еуро-2028 іріктеуіндегі Қазақстан құрамасының ойындары 23 қыркүйек пен 5 қазан аралығындағы кез келген күні өтуі мүмкін. Қарашадағы матчтар үшін 11-16 қарашааралығы қарастырылған. Бұл кезеңдегі нақты күндер кейінірек белгілі болады.

Қазақстан құрамасының 2027 жылғы алғашқы жартыжылдықтағы ойындарының сипаты биылғы Ұлттар лигасындағы нәтижеге тікелей байланысты.

Джон ван ’т Схиптің шәкірттері алдағы турнирде Молдова, Словакия және Фарер аралдары құрамаларымен бір топта ойнайды. Команданың қорытынды нәтижесі Қазақстанның 2027 жылғы наурыздағы қандай ойындарға қатысатынын анықтауға әсер етеді. 

Сонымен қатар Еуро-2028 іріктеу кезеңінің жеребесі 2026 жылғы 6 желтоқсанда Кардиффтеөтеді. Ал Ұлттар лигасының ықтимал плей-офф кезеңінің жеребесі 20 қарашада Ньондаұйымдастырылады.

Айта кетейік, 2028 жылдан бастап Ұлттар лигасының форматына өзгеріс енгізіледі. D лигасы жойылады. Осыған байланысты Қазақстан құрамасы С лигасында қалса, төменгі дивизионға түсіп қалу үшін емес, тек жоғарылау үшін күреседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×