УЕФА президенті жаңа турнир идеясын сынға алды

17.11.2020, 02:36
УЕФА президенті Александр Чеферин Еуропалық премьер-лига атты турнирді құру идеясы жайлы ойын айтты.
УЕФА президенті жаңа турнир идеясын сынға алды

«Мен үшін Еуропалық Премьер-Лига құру туралы ойым жоқ. Бұл Еуропадағы екі-үш футбол президентінің, ынтымақтастыққа мән бермейтіндердің арманы. Олар өз қара басынан басқа ешнәрсе ойламайды, тіпті клубтарына зиян тигізуі әбден мүмкін, бірақ олар бұл ойламайды да. Идея өте қатты маңызды емес деп ойлаймын. Бұл «Барселонаның» бұрынғы президентінің кетуіне де байланысты болды. Менің ойымша, егер осындай турнир ашылса біраз клубтың басы дауға қалып, тіпті банкротқа ұшырауы мүмкін. 

Бұл байыпты идеядан гөрі жыл сайынғы Чемпиондар лигасын жөн санаймын », - деді Marca газетіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін Англия, Германия, Испания, Италия және Францияның 10-нан астам клубы, оның ішінде «Ливерпуль» мен «Манчестер Юнайтед» Еуропалық премьер-лига деп аталатын турнир құру туралы келіссөздер жүргізіп жатқандығы хабарланған ресми болатын. Ұйымдастырушылар турнирді ФИФА-ның қолдауымен 2022 жылы бастауды жоспарлап отыр. Ол жарыс додасына 16-18 команда қатысады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×