Ұятсыздық. Балықшылардан жеңілдік

29.03.2015, 08:37
Ұятсыздық. Балықшылардан жеңілдік
7WxkMWp6YB4Исландиядағы көптеген адамдардың кәсібі балық аулау. Балықшылық жұмысы ол жақта атадан балаға берілетін ата-кәсіп. 300 мың тұрғыны бар кішігірім аралдық құрама командасы Қазақстан құрамасын 3-0 есебімен жеңді. Алматы қаласы, Әуезов ауданында да 300 мың адам тұрады. География, өнер, саясат, экономика салаларында шаңымызға ілеспейтін кішігірім аралдың бізді осыншама жер қылатындайы бар ма еді. Неге сонша сорлап ұтылдық? Жауабын ойын соңынан кейін Юрий Красножан да бере алмады. Оның айтқан ақталуын осыдан 5 жыл бұрын Шторктың аузынан, 2 жыл бұрын Беранектің сөзінен естіген едік. Бәрінің айтатыны бір сөз. Бәрінің беті қалың. Бүлк етпейді. Самат Сымақовта ойын соңынан кейін шындығын айтты. - Біздің командаға бұл ойында не жетіспеді деген сұраққа - Бірдеңе жетіспеді. Бізге үнемі бірдеңе жетіспейді. Соңғы 15 жыл сол бірдеңе жетіспей келеді - деді. Эйдур Гудбонсен болса былай деді. - Қазақстанның қорғанысы өте нашар қателіктер жасады. Соның арқасында үш гол соғып, жеңіске жеттік. Қазақстан — Исландия 0:3 (0:2) Гол: Гудьонсен 20 (0:1), Бьярнасон 32 (0:2), Бьярнасон 90 (0:3) Ескерту: Нұрғалиев 55, Қуантаев 70 — Скуласон 63 Қазақстан: Сидельников, Гурман (Қуантаев 67), Воротников, Абдулин (Щеткин 80), Сымақов, Суюмбаев, Логвиненко, Исламхан, Тағыберген, Нұрғалиев (Қонысбаев 56), Тәжімбетов Исландия: Хадльдорссон, Севарссон Б., Сигурдссон, Арнасон, Скуласон А., Бьярнасон Б., Сигурдссон Г., Гуннарссон (Хадльфредссон 72), Гудмундссон, Сигторссон (Бедварссон 70), Гудьонсен (Финнбогасон 83) Төреші: Сидиропулос (Грекия)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×