Зайнутдинов «Зенитке» қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды

27.07.2020, 18:34
Бақтияр Зайнутдинов «Зенитке» қарсы ойынның үздік футболшысы атанды
Зайнутдинов «Зенитке» қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды

Ресей премьер лигасының соңғы тур ойынында Бақтияр Зайнутдинов гол соғып көзге түсті . 30-тур ойынында петербургтік "Зенит" пен "Ростов" клубы кездескен болатын.

Бақтияр Зайнутдинов жанкүйерлердің дауыс беруінің нәтижесінде матчтың .үздік футболшысы атанды Жанкүйерлер 4.6 деген баға берді . Үздік бестіктің қатарында : Сергей Песьяков, Роман Еременко, Данил Глебов және Евгений Чернов сынды футболшылар бар .

Зайнутдинов айып добын сәтті орындап көзге түсті . Ойынның 18-минутында есеп ашқан Ростов клубы (1-2) есебімен "Зенитке" жол берді.

22-жастағы футболшы биылғы маусымда 17-матч ойнап , 4 гол соғып ,екі рет голдық пастың авторы атанған.

Әлішер Хабидолла

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×