Жалғыз бутсымен жүрген жауынгер

11.11.2020, 10:35
Бір ғана бутсымен жүріп те футбол ойнауға болады екен.
Жалғыз бутсымен жүрген жауынгер

Бұл жауынгер кім?

1992 жылдың көктемі. Наурыз айының 4 жұлдызы. Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласындағы Карапачайда аймағында кезінде сол кездегі футболшы Хосе Ламеланың жары Мириам шекесі торсықтай ұлды дүниеге алып келеді. Бұл - Эрик Мануэль Ламела еді.

Бес жасынан футбол әліппесімен танысқан. Сегізге толғанында "Ривер Плейта" да футболшы болып, ресми доп теуіп бастады. Бір маусымда осы клубтың жастар сапында 120 гол соғып, спорт газеттерінің алғашқы беттерінен орын алған Эрикке атақты каталондық "Барселона" қызығып, көшу туралы ұсыныс білдіреді. Бірақ, "Ривер Плейта" президенті Хосе Агилар оны жіберуден бас тартады.

2011 жылы италиялық "Ромамен" бес жылдық келісімге қол қояды. Жарақат алған ол маусымның басын жіберіп алады. "Рома" үшін алғашқы голын бірінші ойынына шыға сала сегіз минут өткенде салады. Бұл командамен болған ұзақ келісім шартты орындамай 2013 жылы "Тотенхемге" ауысады. Сол кезден бері осы клуб намысын қорғап келеді.

Эрик Ламела небәрі 19 жасында Парагвайға қарсы Аргентинаның басты құрамасы үшін алаңға шығады.

"Коко" лақап атының иесі Эриктің екі бауыры бар, Аксель мен Брайан. Ал жеке отбасында әйелі Софие Эрреродан ұлы Тобиас Ламела дүниеге келген.

Футболшының бауыры Аксель қарақшылар қолынан қаза тапқан. Үлкен бауыры Брайан: "Ақша талап етті және полицияның білмеуін ескерті. Біздің үйдің алдында, қастарында Аксель бар еді, ол сондай сабырлы болды. Біз аса мән бермеген едік. Бұл жәй қарақшылар деп есептедік", - деп еске алады. Бұл оқиға ойыншыға ауыр әсер етті.

Жол апаты. Тізе жарқатын алған Ламела 13 ай алаңға шықпайды. Дәрігерлер ойыншының бұл жарақаты футбол ойнауға мүмкіндік бермейтінен жеткізеді. Алайда ойыншы мұны естіп, ойнаудан бас тартпайды. Тілшілерге берген сұхбатында: "Әрине, мұндай кезде өзіңді жаман сезінесің. Бірақ, маған отбасымның қолдауы мен алаңнан көргісі келетін жанкүйерлер тілегі жігер береді". Ал осы жарақатты жеңіп шыққан ол: "Мені алаңға оралуым қуантады. Дегенмен нәтижеме көңілім толмайды. Осындай кезде қасымда отбасым, клуб қызметкерлері және жұбайым үнемі қолдады. Бір жылдан аса уақыт. Әрине, өте қиын. Бірақ бұл - футбол", - деді.

Эриктің аяғындағы кінәрат дейтіні, бр ғана бутсымен өнер көрсетуіне себеп пе?

Қыркүйек айының соңы. "Челси" мен "Тотенхем" матч қарсаңында тілшілер назарын Эрик Ламеланың бутсылары аудартты. Екі аяғына екі түрлі бутсы киген оның сол аяғында жаңа модельді adidas аяқ киімі болса, оң аяғында 2013 жылғы модельді F50 adizero аяқ киімі. Ойыннан кейін тілшілер бұл оқиғаға көптеген ойыншылардың өз ырымдары бар, сондай жағдайлардың бірі деген түсініктер бере бастады. Бірақ, Ламела ойыннан кейін бұл айтылғандарды жоққа шығарып: "Жоқ бұл ырым емес. Менің оң аяғымда кінәрат бар, adidas жаңа аяқ киім жасайды. Ол ертең келуі керек", - деді. Негізінде бұл ертеректе орын алған екен. "Шкендияға" қарсы ойында бірдей аяқ киіммен шыққан. Көп ұзамай бутсыйын ауыстыру кезінде оң аяғындағысын қалдырған. Ол осы кезде де аяғымда кінәрат бар дегенді айтқан. Қараша айындағы "МЮ"-ге қарсы матчта тағы әр түрлі аяқ киіммен шықты. Тапсырыс берген аяқ киімдердің келіп қоятын уақыты өтіп кеткенін бәрі түсінді. Өзіңіз елестетіп көріңізші? Бір ғана бутсамен осынша уақыт доп тебу, адам миына сыймайтын факторғой мынау. Оның үстіне топ клуб, осындай бәсекесі жоғары чемпионат, сұранысқа ие ойыншы неге аяқ киімін жаңаламайды? Неге біреуін ғана ауыстырады? Бұл ырым екенін ойыншы жасырып баққысы келеді. Осыған ұқсас жәйттар фуболда кездесіп жатады. Осыған жарқын мысал ретінде Тони Кроссты алсақ болады. Олда өзінің 2013 жылғы adidas Pro11 модельді бутсыларын ауыстырмай әлі күнге дейін сол модельдегі ақ бутсылармен өнер көрсетеді.

Жоғарыда Эрик Ламеланың "Рома" сапында доп тепкенін тілге тиек еттік. Оның сол команда да өткізген соңғы маусымы өзінің футболдық мансабындағы ең нәтижелісі болған. Сол кезде F50 adizero брендті бутсасымен ойнаған. Футболшы осы уақытқа дейін 2013 жылғы брендті ауыстырмауы, қаншама рет аяғымда ақау бар дегнімен, сол биікке қайта жеткісі келуімен ырымдайтын сияқты.

Нақысбек Серікбол

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×