Жоао Марио - “Бешикташ” сапына қосылды

05.09.2024, 11:16

Ыстамбұлдық ұжым 31 жастағы Жоао Марионы жалға алды.

Жоао Марио - “Бешикташ” сапына қосылды

Футболшы “Бешикташ” қатарында 2025 жылдың жазында дейін жалға өнер көрсетеді. Жоао өз мансабында “Бенфика”, “Спортинг”, “Интер”, “Локомотив” Мәскеу және “Вест Хэм” намысын қорғаған. 

Марио осы маусымда “Бенфика” үшін 2 ойын өткізіп үлгерді. 

Жартылай қорғаушы клубтық деңгейде 2 мәрте Португалия чемпионы, 2 мәрте Португалия Суперкубогының иегері және бір-бірден Португалия Лигасы Кубогы мен ел Кубогы бәсекелерінде топ жарды. 

Трансфермаркет Жоаоны 4 млн еуроға бағалайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

Бешикташ
×