Жүрегім менің молодой

06.12.2020, 18:30
Отызында орда бұзып, қырқында қамал алғандар.
Жүрегім менің молодой

Қазірде жасқа қарайтын спорт түрі жоқ. Футбол, баскетбол, хоккей болсың кемінде бір легионер спортшының өнер көрсететіні өтірік емес. Футболды алып қарайық, жасы 50-ге келседе пенсиясына шықпай әлі де жасыл алаңда балаша ойнап жүрген футболшыларда баршылық. Бұл мүмкін емес! жасы 30-дан асқан футболшы, қалай 90 минут бойы өнер көрсетеді деген сауал көкейлерінізді тесетіні белгілі жағдай. Осы жағдайды болжай отырып 30 орда бұзып 40 қамал алғандар тізімін оқырман тарапына ұсынғым келіп отыр.

1. Джанлуиджи Буффон Ювентус 42 жас

Италия футболының аңызы, менің пір тұтар футболшымнан бастағанды жөн көріп отырмын. Жасы 42-ге келсе де допты мысықша тосып алатын, тәжірибелі Джанлуиджи Буффон футболды аяқтайтын ойы жоқ секілді. Қазірде Буффон өз отанында, дәлірек айтқанда "Ювентус" сапында екінші қақпашы ретінде ойын көрсетіп жүр. Буффонның арманы Чл-сының кубогін жеңіп алу етін, мүмкін содан кейін мансабын аяқтар. Аңыз қақпашы мансабында 658 ойын өткізген.

2.Ариц Адуриц 39-жас "Атлетик Бильбао"

Тек қана өзінің академиясының футболшыларымен мақтана алатын "Атлетик Бильбао" клубы легионер, көпті көрген футболшысымен де мақтана алады. Ариц Адуриц Бильбаолық клубтын дамуына ерекше үлес қосқан футболшы. 2015 жылы талайға тіс қаққан Адуриц "Барселона" қақпасына хет-трик жасап арада отыз жыл салып "Атлетикке" бірінші жүлдесін алып берді, дәлірек айтсақ Испания суперкубогі. "Атлетик" сұрмергені Адуриц команда сапында 407 матч өткізіп 172 гол соққан.

3.Виторино Илтон 43-жас "Монпелье"

Француздық "Монпельенің" орталық қорғаушысы Виторино Илтон Буффоннан 2 жас үлкен. "Монпельенің" қорғаныстағы дуалы болған Илтон ардагер футболшы саналсада, талай рет 1 лиганың үздік қорғаушысы ретінде танылған. Мансабын 1999 жылы бастаған Илтоннын Франция чемпионы, Интертотокубогінің 2 дүркін жеңімпазы деген атағы бар.

4.Хоакин Санчес 39-жас "Реал Бетис"

Көш соңы командасының нағыз қара жұмыскер футболшысы, мексикандық Хоакин Санчестің жасы 39-да. Футболшы бутсасын шегелейтін ойы мүлдем жоқ секілді. Талай қорғаушыны шыр көбелек айналдырған Хоакин, шабуылдағы әріптестеріне үнемі көмекке келуге әзір. Голдық паспен қамтамасыз ету, ойын тізгінін өз қолына алу, қиын сәтте командаға жігер беру, "Бетис" капитаны Хоакин Санчес үшін үйреншікті жағдай. Осы футболшылар ақша үшін футбол ойнап жүр ме? Жоқ! Жалақылары небәрі 1,5-2 млн еуро бұл шетел үшін ақша емес. Бұл футболшыларға ақша, жанкүйерлер лебізінен артық емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×