Зуев бізге керек пе?

06.11.2023, 05:44
Александр Зуев ұлттық құрамада
Зуев бізге керек пе?

Иә, қазіргі уақытта ел футболы соның ішінде ұлттық құраманың ойыны жанданып, әр ойын сайын жарқырап жүр. Қазақстан футболына қызығушылық артып, біздің ойыншыларға деген көзқарастар өзгерді. Шет ел клубтарының құда түсуі мүмкін деген сөздер мен пікірлер ақпарат әлемінде желдей есуде. Әрине, біздің елдің ойыншылары жоғары деңгейлі біріншіліктерде доп теуіп, тәжірибесі артқаны жақсы. Мұндай өзгерістер Қазақстан футболын тек дамытатыны түсінікті. Бұл жағдайлардың барлығы жақсы өнер көрсетіп жүрген ұлттық құрамамыздың ойындарына тікелей қатысты. Еліміздің футбол тарихында алғаш рет Еуропа бәсекесінде доп тебуіміз мүмкін. Жарайды, мұның барлығы алдағы уақыттың еншісінде. Ендігі мәселе осы ұлттық құраманың намысын қорғағысы келетіндердің артуы. Ал сол ойыншылар бізге қажет пе? Ниет білдіргендердің бәріне, намысты сеніп тапсыра аламыз ба? Қаншалықты ол ойыншыларға тәуелдіміз? Өзіміздің қара домалақтарға обал емес па? Өзге елдің құрамаларындағы футболшылар секілді футболымызды төрге сүйрей ма? Әлде керісінше ме? Сұрақ көп, жауабы белгісіз. Әңгіменің әлқисасы Александр Зуевке әкеле жатқанын түсінген боларсыз. Бұл ойыншы қазақ жерінде дүниеге келгенін білеміз. Бірақ, Ресей футболын таңдап сол елдің жастар құрамасында доп тепкен. 2Q==

Зуев неге Қазақстан жейдесін кигісі келді? Оған бір ғана нақты себеп бар. Саяси жағдайларға байланысты ресейлік футболдың ешкімге керексіз екендігі. Неге біздің елдің жастар құрамасында доп домалатпады? Ол кезде қазіргі Қазақстан құрамасы жоқ еді. Осындай бірнеше фактор ойыншының жеке басы үшін ғана біздің құрама керек екендігін дәлелдейді. Білігі мықты, білгені көп ойыншылар бізде азда шығар. Дегенмен шарықтау шегінде тұрған ел құрамасына дәл қазір көк паспортқа қызыққан ешқандай ойыншы керек емес деп есептеймін.

Серікбол Н.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×