1,5 миллион халықтың қолдайтын командасы жоқ

14.04.2021, 17:25
Ол қандай 1,5 миллион халық?
1,5 миллион халықтың қолдайтын командасы жоқ

Қазақ футболы дамып келеді, алдыға жылжу бар дейтін атқа қонар азаматтарға бұл ап-анық дәлел. Ненің дәлелі? Алға жылжу былай тұрсын кері кетіп жатқандығының дәлелі. Біздің елдегі 1,5 миллион халықтың қолдайтын командасы жоқ. Ол қайдан шыққан 1,5 миллион дейсіз ғой. Енді қараңыз. Павлодар, Өскемен, Семей деген Қазақстандағы ірі қалалардың атынан сынға түсер, футболдан жоғарғы лигада ешқандай команда жоқ. Тиісінше осы үш аймақтың халық саны шамамен 1,5 миллионды құрайды. Осылайша қазақ футболы осынша жанкүйерінен айырылып отыр. Әрине, команда құру үшін қаражат керек екендігі түсінікті. Дегенмен, ел футболы дамуы үшін қаражатта үнем болар, команда саны да артатын жаңа футбол жүйесі керек. Өзіңіз ойлаңыз, "Каспий" - "Ақжайық" ойыны, ол ойынды Семейліктер не деп тамашалайды, болмаса Өскемен жұрты ше?Бұл аймақтағы жастардан қазақ футболының жарық жұлдыздары шығары сөзсіз.

Серікбол Нақысбек

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×