Әлем чемпионы «Боавишта» ойыншысы атанды

05.09.2020, 19:29
Франция құрамасының бұрынғы қорғаушысы мансабын Португалияда жалғастырады
Әлем чемпионы «Боавишта» ойыншысы атанды

2018 жылы Франция құрамасымен бірге Әлем чемпионы атанған Адиль Рами ресми түрде португалиялық "Боавишта" сапын толықтырды. 34 жастағы қорғаушы аталмыш командамен екі жылдық келісімге қол қойды.

Рамидің ең соңғы командасы ресейлік "Сочи" болды. Ол бұл командаға ақпан айында еркін агент ретінде ауысқан болатын. Алайда сол күйі бірде-бір ойын өткізбеді.

Ал тамыз айында "Реджина" командасына ауысады деп күтілген болатын. Дегенмен трансфер орын алмады. Барлығы бұл жерде Адиль Рамидің клубты мүлдем құрметтегені деп айыптады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×