Еліміздің бірнеше белді ұжымдары шабуыл шебін күшейту мақсатында Түркия біріншілігінде бақ сынап жүрген Нигериялық шабуылшыға көз тікті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Legalbet.kz сайтының мәліметінше, отандық клубтар 25 жастағы вингер Раймонд Оламилекан Адеоланы өз қатарларына қосу мүмкіндігін белсенді түрде қарастырып жатыр.
Раймонд Адеола өзінің 25 жасына қарамастан, Еуропа мен ТМД елдерінің бірнеше біріншілігінде ойнап үлгерген, әмбебап футболшы. Оның кәсіби спорттық жолы түрлі мәдениеттер мен клубтарға толы.
Ол мансабында Молдовалық “Саксан”, Ресейлік “Родина”, сондай-ақ Беларусьтік “Гомель” және Минскілік “Динамо” клубтарының жейдесін киген.
Сонымен қатар Грекиялық “Астерос Актор” клубының екінші командасында өнер көрсетіп, Еуропалық футболдың қыр-сырын меңгерді.
Осы жылдың қаңтар айының басынан бері Нигериялық шабуылшы Түркияның Бірінші лигасында өнер көрсететін “Серикспор” клубының намысын қорғап келеді.
"Серикспор” сапында 13 ресми матчқа қатысып, 1 гол соқты және командаластарына 2 нәтижелі пас шығарып берді.
Transfermarkt порталы Раймонд Адеоланың қазіргі нақты трансферлік құнын шамамен 300 мың еуроға (шамамен 145-150 миллион теңге) бағалап отыр.