Антони «Манчестер Юнайтед» ойыншысы атанды

31.08.2022, 00:57
Бұл осы жаздағы ең қымбат трансфер ретінде тіркелді.
Антони «Манчестер Юнайтед» ойыншысы атанды

«Манчестер Юнайтед» «Аякстың» бразилиялық шабуылшысы Антонидің жақын арада командаға қосылатынын хабарлады.

Амстердамдық клубтың келтірген мәліметіне сүйенсек, ойыншы үшін «қызыл сойқандар» 95+5 миллион еуро төлеген. Бұл Нидерланды чемпионатындағы және осы жаздағы ең қымбат трансфер ретінде тіркелді. Енді 22 жастағы шабуылшы медициналық тексерістен өтуі тиіс.

Антони «Аяксқа» 2020 жылдың шілдесінде қосылған еді. Амстердамдық клуб үшін 82 матчта 24 гол соғып, 22 нәтижелі пас берді. Өткен жылдың қазан айында шабуылшы Бразилия құрамасында дебюттік ойынын өткізді. Содан бері ұлттық құрама сапында 9 кездесуде қатысып, 2 гол мен 2 голдық пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×