ПСЖ «Валенсияның» көшбасшы ойыншысын сатып алмақ

31.08.2022, 02:22
Париждік клуб талантты ойыншы үшін небәрі 18 миллион еуро төлейді.
ПСЖ «Валенсияның» көшбасшы ойыншысын сатып алмақ

«Валенсияның» жартылай қорғаушысы Карлос Солер ПСЖ-ға ауысады, деп хабарлайды Фабрицио Романо.

Белгілі инсайдердің айтуынша, клубтар ойыншының трансфері бойынша ортақ мәмілеге келген. Париждік команда Солер үшін 18+3 миллион еуро төлейді. Футболшы ПСЖ-мен 5 жылдық келісім-шартқа отырмақ.

Испания чемпионатының ағымдағы маусымында Солер 3 кездесу өткізіп, 1 гол соқты. Ал өткен маусымда 32 ойынға қатысқан 25 жастағы ойыншы 11 гол мен 5 нәтижелі пасты өз еншісіне жазған.

Айта кетейік, париждік клуб «Наполидің» жартылай қорғаушысы Фабиан Руиспен де келісім-шарт жасасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×