Антонио Конте «Тоттенхэм» клубының тарихына енді

29.12.2021, 14:09
Италиялық маман Премьер-лигада жеңілістің не екенін білмей келеді.
Антонио Конте «Тоттенхэм» клубының тарихына енді

Италиялық маман Антонио Конте «Тоттенхэмнің» Премьер-лигадағы рекордын орнатты.

Конте лондондық клубтың тарихындағы алғашқы жеті ойында жеңілмеген алғашқы бапкер атанды (төрт жеңіс және үш тең ​​ойын).

Еске салайық, 28 желтоқсанда «Сент-Мэри» стадионында Ағылшын Премьер-лигасының 20-шы туры аясында «Саутгемптон» мен «Тоттенхэм» өзара мықтыны анықтай алмады (1:1).

Қазіргі уақытта «Тоттенхэм» 30 ұпай жинап, Англия чемпионатының турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр. Келесі турда команда «Уотфордпен» кездеседі.

Конте «Тоттенхэмді» 2021 жылдың қарашасында тізгіндеді. Италиялықтың клубпен келісім-шарты 2023 жылға дейін есептелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×