Ферран Торрес «Барселона» ойыншысы атанды

29.12.2021, 02:55
Футболшы бес жылдық келісім-шартқа қол қойды.
Ферран Торрес «Барселона» ойыншысы атанды

«Манчестер Ситидің» шабуылшысы Ферран Торрес «Барселонаға» ауысты. 21 жастағы футболшының каталониялық клубпен келісім-шарты 2027 жылға дейін есептелген.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Барселона» испаниялық шабуылшы үшін 55 + 10 (бонус) миллион еуро төлеген.

Торрес «Манчестер Ситиге» 2020 жылдың жазында «Валенсиядан» ауысып келген еді. (28 миллион еуро). Осы маусымда шабуылшы барлық турнирлерде жеті ойынға қатысып, үш гол соқты, бір нәтижелі пас берді.

Ферран қазір Испания құрамасының белді ойыншысына айналды. «Қызыл фурия» үшін 22 матч өткізіп, 12 мәрте мергендік танытқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×