“Астана” еурокубоктегі алдағы қарсыласын анықтады

05.08.2024, 19:15

УЕФА-ның Ньон қаласындағы штаб-пәтерінде Конференция Лигасының плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды, деп жазады sports.kz.

“Астана” еурокубоктегі алдағы қарсыласын анықтады

Егерде “Астана” Конференция Лигасының үшінші кезеңінде румындық Корвинулды жеңсе, онда келесі плей-офф сатысында “Сент-Миррен” (Шотландия) — “Бранн” (Норвегия) жұбының жеңімпазымен жолығады.

“Корвинул” - “Астана” арасындағы алғашқы ойын 8 тамыз күні сағат 23:00-ге жоспарланған. Одан бір апта уақыт өткеннен кейін Бабаян шәкірттері румыниялық клубты Алматыда қонақ қылады. Матчты жергілікті  жанкүйерлер Орталық стадионнан сағат 19:00-де тамашалай алады. 

“Корвинул” командасы елорда ұжымына жолықпастан бұрын Еуропа Лигасының екінші кезеңінде хорватиялық “Риеккаға” қос ойын қорытындысы бойынша 0:1 есебімен жеңілді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

ФК Астана
Серіктес жаңалықтары
×