«Астана» клубының спорт директоры ауысты

29.12.2021, 01:47
Бұрынғы директор қызметінен кетті, ал оның орнына экс-футболшы тағайындалды.
«Астана» клубының спорт директоры ауысты

Мұрат Тілешев ресми түрде «Астана» футбол клубының спорт директоры қызметіне тағайындалды.

Футболдағы мансабын жамбылдық клубтан бастаған, еліміздің 9 клубында доп тепкен, 3 рет Қазақстан чемпионы атанып, ел біріншілігінің үздік сұрмергендері қатарынан көрінген Мұрат Әзімбекұлы бүгіннен бастап «Астана» футбол клубында еңбек ететін болады. 

Футболшы ретінде мансабын аяқтағаннан кейін «Қазақстан футбол федерациясы» ҚФФ және «Шахтер», «Ақтөбе», «Тұран» футбол клубтарында спорт директоры ретінде тер төкті.

Ал «Астананың» бұрынғы спорт директоры Ғани Қайназаров келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты қызметінен кетті 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×