АСТАНАДАҒЫ АЯҚСЫЗ ҚАЛҒАН ЖОСПАРЛАР

23.06.2020, 21:31
Бұлай болмаса №1-ші болар едік
АСТАНАДАҒЫ АЯҚСЫЗ ҚАЛҒАН ЖОСПАРЛАР

АСТАНАДАҒЫ АЯҚСЫЗ ҚАЛҒАН ЖОСПАРЛАР

 2015 жылы «Астана» клубының футбол академиясы «Хан-Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының артында салыну керек болған.


 Бұл туралы «Эксперттің» кезекті отырысы барысында, клубтың сол кездегі бас менеджері Қайсар Бекенов мәлімдеген:

— “Мен кішкене құпияны ашайын. Біз қазір академияның құрылысы туралы келісудің соңғы сатысында тұрмыз. Астана әкімі «Хан-Шатырдың» жанынан 8,5 га жер бөлді. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы керекті қаржы бөлуге келісім берді. Сонымен қатар «BІ-Group» компаниясы да демеушілік танытуға уәде беріп отыр. Бәрі ойдағыдай жүзеге асса, келесі жылы біз осы жобалық жұмыстарды бастаймыз”.


 2016 жылы УЕФА-ның Trick бағдарламасы бойынша, Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласына толық жабық жасанды алаң салуға 5,5 миллион еуро бөлінген. 3 мың көрермен сиятын жабық алаңның бастапқы құрлысына 3,5 миллион еуро бөлуді жоспарласа, жанына УЕФА ғимаратының кеңсесін салуға қосымша тағы 2 миллион ажыратылған.


 Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин хабарлаған болатын:


— “Қыс мезгілі республикамыздың көп аймағында 6 айдан астам уақыт бойы жалғасады. Әрі қыс бұл аймақтарда өте суық екені белгілі. Мұндай жоба Астанада алғашқы рет болады. Сондай-ақ, біз осы жобаны қорғап шықсақ, онда суық аймақтарда, яғни Петропавл, Қостанай, Ақтөбе және Павлодар қалаларында да салуды жоспарлап отырмыз. Оңтүстік аймақтарда мұндай кемшілік жоқ, онда жыл он екі ай футбол ойнай аласыз”

Сол жабық, жасанды алаң тек Қостанай қаласында ғана салынғанын өздеріңіз білесіздер.

Сонымен бірге, УЕФА-мен жергілікті әкімшілік арқылы 50/50 бойынша қаржыландыра отырып, Қазақстанның он бір аймағында футбол академиялары пайда болатынын және осы мақсаттарға жер бөлінгенінде айтқан.

 2016 жылы елордада «Астана» футбол клубы академиясының құрылысы туралы іс жоспарланған

 Бұл туралы өз сөзінде «Астана» президенттік клубының атқарушы директоры Аманбек Кульчиков мәлімдеген:

— “Біздің міндет — «Қайрат» клубы секілді футбол академиясын құру. Онда жастар командасы болады. Біз барлық жағдайды жасаймыз, әрі мақсатымыз осы футболдан ақша табу, бюджетті үнемдеу. Академия тұжырымдамасы ашық болады, өйткені ол қала ішінде орналасады,сондықтан әр ата-ана өз баласының не істеп жатқанын көре алады”

Алайда жоспар мүлдем орындалмады. 

Айтпақшы, дәл осы Аманбек Кульчиков осы жылдың наурыз айында үстінен мемлекет қаржысын жымқыру бойынша қылмыстық іс қозғалып қамауға алынған. Тергеу мәліметтері бойынша, ол 2016-2018 жылдары шығындарды бірнеше есеге көбейтіп, ақшаны мақсатты пайдалану туралы жалған есептерді әдейі қабылдаған.

Шетелдік компаниялармен жалған қаржылық есептер жасай отырып, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру, үй-жайларды жалға беру, тауарлық заттарды сатып алу және тағы басқа да жалған актілерге қол қою арқылы ақша ұрлау бойынша айыптар тағылған.

Белгіленген шығын көлемі екі миллиард теңгеден асқанында айта кеткен жөн.


"Басы бар, аяғы жоқ"-бұл отандық футболдың өзіндік ұстанымы ма деп ойлап қаласын. Себебі қазақ футболындағы жоспарланған академиялар мен стадиондардың саны көп, ал нақты салынғандар саны бірер сараң ғана. Еліміздің әр өңірінде жаңа стадиондардың бастама жобалары жетіп артылады. Сонау 2010-шы жылдан бері арман болған стадиондардың бірі де салынған жоқ. Бәлкім отандық футболдың дәрежесі үлкен стадиондарда доп тебуге дәрежесі жетінкіремейтін де шығар. 

 Десекте бұл қазақ футболының жағдайы осындай...

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×