«Аякс» Антонидің орнын басатын ойыншы тапты

30.08.2022, 16:20
Амстердамдық клуб Хаким Зиешті алмайтын болды.
«Аякс» Антонидің орнын басатын ойыншы тапты

«Севильяның» шабуылшысы Лукас Окампос «Аяксқа» ауысуы мүмкін. Амстердамдық клуб ойыншының трансфері бойынша келіссөздерді бастап кетті және оны «Манчестер Юнайтедке» кеткен Антонидің орнын басатын ойыншы ретінде қарастыруда. Бұл туралы италиялық журналист Фабрицио Романо хабарлады.

Аякс бұл позицияға «Челсидің» ойыншысы Хаким Зиешті алғысы келген, бірақ лондондық клуб марокколық футболшы үшін көп ақша талап етті. Нәтижесінде «Аякс» бар назарын Аргентина құрамасының ойыншысы Лукас Окампосқа аударды.

Окампос 2019 жылы «Марсельден» «Севильяға» ауысқан еді. Ағымдағы маусымда 28 жастағы шабуылшы үш кездесуге қатысып үлгерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×