«Вест Хэм» клуб тарихындағы рекордтық трансферді жасады

30.08.2022, 12:38
Лондондық клуб бразилиялық футболшы үшін 60 миллион еуро төледі.
«Вест Хэм» клуб тарихындағы рекордтық трансферді жасады

«Вест Хэм» ресми түрде жартылай қорғаушы Лукас Пакетаны өз ойыншысы ретінде таныстырды.

Бразилиялық футболшы үшін «Вест Хэм» шамамен 60 миллион еуро төледі, бұл клуб тарихындағы рекордтық трансфер болды. Пакетаның лондондық клубпен келісім-шарты 2027 жылдың маусымына дейін есептелген.

Пакета 2020 жылдан бері «Лион» сапында доп тепті. Бұған дейін футболшы «Фламенго» мен «Миланның» намысын қорғаған. Осы маусымда Лукас Франция чемпионатының екі матчына қатысып, нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді. 2018 жылдан бастап Лукас Бразилия құрамасына шақыртылуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×