Бәсекелестігі жоғары лигада «Эмполи» өз орнын таба ала ма?

29.08.2021, 03:07
Әзірге 16 орында тұрақтаған «Эмполи» алғашқы ойынында Лациога есе жіберді.
Бәсекелестігі жоғары лигада «Эмполи» өз орнын таба ала ма?

Б сериясының 2020/21 жылғы маусымын үздік аяқтаған "Эмполи" А серияға қайта оралды. Орала салып, азулы қарсыласқа тап болған Тоскана провинциясының командасы, өз аланыңда Маурицио Сарри жігіттерінің қысымына төтеп бере алмады. 20 мыңға жуық жанкүйерді құшақ жая қарсы алатын Карло Кастеллани стадионындағы таблода 3-1 есебі тіркелді. Матч 22 тамызда өткендігін ескерте кетейін. Осылайша өз аланыңда жеңіске жете алмаған "Эмполи" 3 ұпайдан құр қалып, А сериясының турнирлік кестесінде 16 орынға жайғасты. Көктер деп аталып кеткен "Эмполи" тарихы үңілгенге қызық.

1920 жылы құрылып, В сериясында 1946/47 және 1947/48 жылдар аралығында өнер көрсетеді. Сөйтіп 1948 жылы жеңілісті, сәтсіз сериялардың кесірінен көп ұзамай Италияның ең төменгі дивизионына түсіп кетеді. В сериясына қайта оралу үшін Azurri (көктер) 35 жыл уақытын сарпыған екен. 1982-1986 жыл аралығында В сериясында ойындар өткізіп, арман болған А сериясында дебюттық кездесуін өткізеді. Флоренцияда "Интер" командасына қарсы ойнап сенсациялық түрде 1-0 есебімен жеңеді. Тұсау кесер матчын сәтті өткізген "Эмполи" алдағы бәсекелерінде жолы болмады. "Авелино", "Асколи" деген деңгейі төмен клубтарға есе жіберіп, элитадағы орнын босатуға сәл қалып еді. Алайда "Удинезе" "Эмполиді" құтқарып қалды. Кейбір бекітілген ережелерді қатаң бұзған "Удинезе" 9 ұпайынан айырылып, Тоскана жұртшылығын А сериясында қалдырды.

Осы кезде қазағымның мақалы есіме елең ете қалды. "Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан" деген бар еді ғой. Жеңгетайлығын жасаған "Удинезе" жігіт "Эмполиге" жолын берді деп, мақалмен тоғыстыра қолдана салсақ қалай кетеді, құрметті оқырман. А сериясында бір жылға тағы қалған "Эмполи", "Удинезе" артынан былыққа батты. Аяқдопшылары допинг қолданды деп дәлел келтірген Италия футбол федерациясы, көктерді жоғарғы дивизионнан шектетуіне тура келді. "Эмполидің" даңқы жоғарыдан төменге құлдилай бастады. Болып жатқан жан-жақты қысымға төтеп бере алмаған Тоскана провинциясының командасы, ақыры С1 сериясына барып бір тоқтады. Белгілі бапкер Лучиано Спалетти 1995 жылы "Эмполиді" тізгіндеп, бір жылдың ішінде мықтылар қатарына қосты. Тосканада ұзақ мерзім тұрақтауды мақсат етпеген Лучиано Спалетти көп ұзамай бас бапкерлік қызметінен босатылып орнына Сильвио Бальдини тағайындалды. 3 жыл ішінде талайға сес көрсетер ұжым атанған "Эмполи" А сериясына қайта оралды. 2003 жыл турнирлік кестенің соңында қол былғаған Azurri қайта төменгі дивизионға топ ете қалды. Бір құлап, бір тұрған команданың таласып-тармасып жүрген жайты осы, биылда тақымын қысып отқан жанкүйерлердің үкілі үміті жалғыз. Оны сізбен бізде жақсы түсініп отырмыз. Ол қалайда болсын А сериясындағы орнын сақтап қалу.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×