Бауыржан Исламхан: Барлық мәселе ашық талқыланды

25.04.2024, 15:12

«Ордабасының» жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан команданың бас бапкері Александр Седневтің шымкенттік клубтан кетуіне байланысты жанкүйерлерге үндеу тастады.

Бауыржан Исламхан: Барлық мәселе ашық талқыланды

«Кеше жанкүйерлермен өткен кездесуге назарларыңызды аударайын. Оған клуб басшылығы, бапкерлік штаб, футболшылар мен біздің адал жанкүйерлеріміз қатысты. Осы кездесуге байланысты тарап кеткен теріс, жалған ақпараттарды жоққа шығарғым келеді. Иә, осындай жағдайларда болатындай, ол жердегі әңгімелер де эмоцианалды түрде айтылды. Алайда, барлық тараптар да айтарларын айтты және бүкіл мәселе ашық талқыланды. Барлығымыздың да клубтың абыройы үшін жұмыс істейтінімізді баса айтамын. Біздің айқын мақсаттарымыз бар және соларға жету үшін бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз», - деді Бауыржан Исламхан.

Естеріңізге сала кетейік, Александр Седнев «Ордабасыны» 2021 жылдан бері жаттықтырып келеді. Шымкенттік команда былтыр тарихында тұңғыш рет Қазақстан премьер-лигасын ұтып, чемпион атанған болатын. Биыл «Ордабасы» ҚПЛ-дің 5 турынан кейін үшінші орында. Көш басында «Ақтөбе» тұрса, екінші сатыда «Қызыл-Жар» келеді.       

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×