Біздің футболға қазақ тілі керек

24.04.2021, 07:55
Қазақша футбол қашан көреміз?
Біздің футболға қазақ тілі керек

Біздің футболдың қазақша сөйлеп бастаған тұсы осы жыл. Иә, ұлттық құрамамыздың сол бір жарқын ойынымен қатар, Украина төрінде қазақ тілді диктордың үні естілгенде қуанған жанкүйердің қарасы аз емес еді.

Әңгіменің төркіні түсінікті. Енді елге оралайық. Ішкі чемпионат. Стадионға келіп ойын тамашаласаңыз қандай елдің чемпионаты өтіп жатқандығын дөп басып айта алмауыңыз мүмкін. Иа, ол алаңдағы ойыншылардың қос команданы алғанда славян тектес елдерден екендігі, ойын қарсаңындағы дикторға қарап көрші елдің чемионаты деп қаласыз. Әрине, қандай ел екені бесенеден белгілі.

Одан қала берді сол қос ұжым туралы іздейін деп интернетке жүгіне қалсаң, "Футбольный клуб" деп басталатын жазбаға тап келесіз. Тіпті, сол ойнап жатқан командадан бөлек, біздің елдегі қай клуб туралы мардымды, күнделікті қазақша ақпаратқа қанықпыз? Иә, қазбалай берсең түбіне жетпейтін тағы бір қазақ футболындағы тақырыпқа тап келеміз. Бұдан байқайтынымыз біздің елде қазақша футболдың жоқтығы. Өз елімізде отырып, өзге тілмен ойын тамашалауға мәжбүр екендігіміз қынжылтады. Әрине, оған кім кінәлі, кім айыпты? Осы сұрақтар төңірегінде ой қорыта бастайсың.

Біздің елдің футболы дамуы үшін осы бір фактордың да әсері бар секілді. Өз тіліміздегі футболдың жоқтығы, қазақ футбол философиясының қалыптаспай, тұралап қалуына да кедергі бір фактор ма деген тұжырымда жасап үлгересің.

Егер, елімізде әр футбол клубы қазақша ақпарат кеңістігін ұлғайтса, жанкүйерлермен де арасы жақындай түспей ме? Одан команда түрленіп сала бермей ме? Ал, бізде қалай? Нағыз қазақ жанкүйері өз клубы туралы ақпарат алғысы келіп, интернетті ақтарып бастайды. Бірақ, тауып өз командасының сайтына кіре қалса. Соңғы жазба жаңа жылмен құттықтау, оның өзі көрші елдің тілінде.

Демек, біздің футбол дамысын десек, ел футболын қазақша сөйлету керек.

Серікбол Нақысбек

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×