Бразилиядан табылмаған бақ немесе Бартомеудің былықтары

13.03.2021, 01:33
Барселонаның бір трансфері жақсы, бір трансфері өкінішке орай...
Бразилиядан табылмаған бақ немесе Бартомеудің былықтары

"Барселона" футбол клубы соңғы бірнеше маусымда Бразилия чемпионатының футболшыларын команда сапына қосу үшін 55 миллион еуро қаражат жұмсаған. Өкініштісі, олардың ешқайсысы негізгі құрамда жөнді орын алуы былай тұрсын, "Барселона Б" командасының деңгейіне жарамай жатты. Алғашында жаһанның бір бұрышынан табылған жауһар тастай таныстырылған ойыншылар, кейін бірінен-соң бірі сенімді ақтамады. Басында бұл трансферлерді жай кездейсоқтық деп қабылдаса, қазір Каталония жұртшылығы бұл әрекеттерді команданың экс-президенті Хосеп Бартомеудің қаржы жымқыру жолындағы көп қадамды айласы деп те айтуда. Бәлкім солай да шығар, қазір сол сәтсіз трансферлер топтамасын талқыға салып көрсек.

Каталондық басылымдардың жорамалы бойынша, бұл ақылға қонымсыз әрекеттер 2013 жылы бастау алған. "Барселона" Бразилия чемпионатында таланттар ұстаханасы саналатын "Сантос" клубының ойыншылары Габриэл Барбоза, Гива және Виктор Андрадені клуб сапына қосу жолындағы алғашқы төлем деп 7.9 миллион еуро қаржы төлеген. Бұл ойыншылардың бірде бірі клуб сапына қосылмағандықтан, қазіргі уақытта бұл төлемді аталған ойыншылар үшін емес Неймарды клубқа әкелу мақсатындағы төленген жасырын сома деп айтылуда (Неймарға ресми төленген және шын мәнісінде төленген қаржының екі түрлі болғандығына байланысты көптеген дау-жанжалдар болғаны белгілі). 

fcUW3OcED1rcZHE+RZwQ8I+AZgftlBDxgfb98E552eEbAMwKeEbjNCPwXTme3q7dB4PkAAAAASUVORK5CYII=


• Аталған схеманы "Барселона" 2014-15 жылғы маусымда да қайталады. Бұл жолы клуб бразилиялық "Флуминенсе" командасының ойыншылары Жерсон, Марлон және Кенедиді сатып алу үшін 3.2 миллион еуро қаржы жұмсаған. Көрсетілген футболшылардан тек Марлон ғана командаға қосылғанымен, трансфер құны еш өзгеріссіз қалды. Себебі ол да негізгі құрамнан орын алған жоқ.

Saz6TdpC2gLaAtoC2gLaAtoC7w4FtAJ3YszFvpOtAW0BbQFtAW0BbQFtAV+kwV0QvebzKbfpC2gLaAtoC2gLaAtoC3w4lhAJ3QvzljoO9EW0BbQFtAW0BbQFtAW+E0W0AndbzKbfpO2gLaAtoC2gLaAtoC2wItjgf8D4KL+2A3noLQAAAAASUVORK5CYII=


• 2014-15 жылғы маусымда команда сапын тағы бір бразилиялық ойыншы толықтырды. "Барселона" Дуглас есімді футболшыны сатып алу үшін "Сан-Паулуға" 5.5 миллион еуро төледі. Бұл трансферді тіпті бразилиялық жанкүйерлер де әлі күнге дейін түсіне алмай келеді. Бразилияда өз ойынын жеткілікті деңгейде таныта алмаған бұл ойыншының "Барселонаның" көзіне қалай түскені түсініксіз, Дуглас команда сапында өткізген 2 маусымында бар болғаны 8 ойын өткізді.

ANWWwhmOaGWgAAAAAElFTkSuQmCC


• 2015-16 жылғы маусымда "Барселона" өз әдетінше "Флуминенсе" клубының жартылай қорғаушысы Роберт Гонсалесті өз қатарларына қосты. Ойыншының нақты сомасы белгісіз, бірақ Роберт негізгі құрамда алаңға шығуы былай тұрсын қосалқы құрамнан шығып, тек 30 минут(!) қана алаңда бой көрсетті. Футболшының соңғы өнер көрсеткен нүктесі Гонконг чемпионаты, бірақ ол жақта да лайықты деңгей көрсету Роберттің қолынан келмеді.

3FP1FF7qnSEAxREAEREAEREAEREAElhHQhW4ZP3mLgAiIgAiIgAiIwMUJ6EJ38S1QAiIgAiIgAiIgAiKwjIAudMv4yVsEREAEREAEREAELk5AF7qLb4ESEAEREAEREAEREIFlBHShW8ZP3iIgAiIgAiIgAiJwcQK60F18C5SACIiACIiACIiACCwjoAvdMn7yFgEREAEREAEREIGLE9CF7uJboAREQAREQAREQAREYBkBXeiW8ZO3CIiACIiACIiACFycgC50F98CJSACIiACIiACIiACywjoQreMn7xFQAREQAREQARE4OIEdKG7+BYoAREQAREQAREQARFYRkAXumX85C0CIiACIiACIiACFyfwH7NPv9Flq7F+AAAAAElFTkSuQmCC


• 2017-18 жылдары "Пальмейрас" ойыншылары Витиньо және Йерри Мина команда сапына қосылды. Ескі дәстүрлер бойынша ойыншылар негізгі құрамға ілікпеді. Келесі маусымда екеуі де командадан кетті. Бірақ Йерри Мина өзге ойыншыларға қарағанда өз трансферін ақтады десек те болады, ойыншы команда сапына 11 миллион еуроға қосылса, "Эвертон" клубы оны 35 миллион еуроға сатып алды.

• 2018-19 жылғы маусымда каталониялық клубты қос бразилиялық Артур Мело ("Гремио") және Габриэл Новаес("Сан-Паулу") толықтырды. Артур негізгі құрамға ілікті, ал 5 миллион еуро қаржыға сатып алынған Новаестің алаңға шықпақ түгілі Испанияға қоныс аударуының өзі үлкен жырға айналды. Бюрократиялық проблемаларға тап болған ойыншы 6 айдан соң өз отанына қайтуға мәжбүр болды. Бір кездері трансферлік құны 5 миллионды құраған бұл футболшы қазір Бразилияның екінші дивизионында өнер көрсетеді.

• 2019-20 жылғы маусымда команда президенті Хосеп Бартомеу өз дәстүріне еш өзгеріс енгізбеді десек те болады. "Атлетико Минейро" клубының қорғаушысы Эмерсонды сатып алу үшін "Барселона" 12 миллион еуро жұмсады, трансфер жүзеге асқаннан кейін Эмерсон "Реал Бетис" командасына жалға берілді. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Эмерсон бас бапкер Куманның жоспарларына кірмейді, ал трансфердің өте ыңғайсыз тұсы егер де "Барселона" қорғаушыны өзге клубқа сататын болса, трансфер құнының тең жартысы(!) "Реал Бетис" командасының қазынасын толтырмақ. Бартомеудің менеджментіне бәрекелдіден басқа айтарымыз жоқ.

• 2020 жылдың қаңтар айында команда сапына "Пальмейрас" клубының ойыншысы Матеус Фернандес қосылды. Трансфер құны - 7 миллион еуро. Командаға келгеніне бір жылдан асса да бразилиялық жартылай қорғаушы тек 1 ғана матчта алаңға шықты. 

Бәлкім бұл жай ғана сәйкестік шығар, ойыншылардың барлығы дерлік негізгі құрамнан орын алмақ түгілі, қосалқы командаға пайдасын тигізе алмады. Команда скауттары болса Ришарлисон, Эдер Милитао, Давид Нерес, Габриэл Жезус секілді ойыншылардың бірде бірін таппады. "Барселонадағы" президент сайлауынан кейін Жоан Лапортаның басшылық қызметке қайта оралғанына бәріміз куәміз. Кім біледі, бұл ауысым "Барселонаның" баршаға аян қаһарын қайта қалыпқа келтіретін шығар... 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×