Депай: «Барселона үшін кім ойнағысы келмейді?»

12.11.2020, 23:10
Депай «Барселона» сапына жақын уақытта ауыса ма?
Депай: «Барселона үшін кім ойнағысы келмейді?»

Кеше түнде Испания-Нидерландия арасындағы жолдастық матч аяқталғаннан кейін "Лион" командасының шабуылшысы Мемфис Депайға спорт журналистері "Барселона" футбол клубына ауысу мүмкіндігі жайлы сұрақтар қойды.

Айта кетейік, Мемфис Депай "Барселонаның" басты мақсаттарының бірі - Рональд Куман аяқдопшыға ерекше өтініш жасаған болатын.

«Барсаға келетін болсақ, мен ештене дей алмаймын. Трансферлік терезе қазіргі кезде ашық емес. Бұл туралы менің ойым жоқ. Мен үздік ойыншы болу үшін барымды салуға тырысамын. Бұл туралы көптеген сыбыстар бар», - деді Мемфис Депай.

«Онда кім ойнағысы келмейді? Бұл әлемдегі ең жақсы командалардың бірі. Атағы жер жарған клуб. Бірақ мен бұл туралы әзірше ойламаймын» - деді Депай, "Mundo Departivoға" берген сұхбатында.



  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×