ДЖЕК ГРИЛИШ «МАНЧЕСТЕР СИТИ» САПЫНА АУЫСАДЫ

05.08.2021, 16:06
«Қалалықтар» футболшы үшін 100 млн фунт стерлинг төлемекші.
ДЖЕК ГРИЛИШ «МАНЧЕСТЕР СИТИ» САПЫНА АУЫСАДЫ

«Астон Вилла» мен Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джек Грилиш «Манчестер Ситиге» ауысады. Келісімшарт 2026 жылға дейін жасалды, ал «қалалықтар» ойыншы үшін 100 миллион фунт стерлинг төледі, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.

Грилиш бүгін Манчестерде медициналық тексеруден өтеді. Бірақ ойыншы Англия чемпиондарының сапында қанша ақша алатыны әлі белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, Грилиш бирмингемдік клубтың тәрбиеленушісі болып табылады және 2014 жылы 19 жасында, ол өзінің болашақ командасы «Манчестер Сити» командасына қарсы «виллалықтар» құрамында дебюттік ойынын өткізді.

Өткен маусымда Джек Грилиш 39 ойында 7 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×